Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қостанай әкімі аппарат басшысының жүргізушісі қызметтік көлікпен әйелді қағып өлтіргенін растады

0 270

   Қостанай әкімі аппарат басшысының жүргізушісі қызметтік Toyota-Camry көлігімен әйелді қағып өлтіргенін растады, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 15 қаңтар күні сағат 8.30 шамасында Маяковский көшесінде болған. Toyota-Camry қызметтік көлігінің тізгінінде 1997 жылы туған азамат болған. Жүргізуші бағдаршамның сары түсіне өтіп кетіп, әйелді итімен бірге қағып кеткен. Ит бірден өліп, 1970 жылы туған әйел ауруханаға жеткізіліп, кейін ол да қайтыс болды.

«НГ» оқырмандары көлікті әкімдіктің жүргізушісі, дәлірек айтсақ, Қостанай қаласы әкімі аппаратының басшысы Вера Клочкоға бекітілген қызметтік көлік жүргізушісі тізгіндегенін хабарлады.

«Аталған автокөлік «Қостанай қаласы әкімінің аппараты» ММ тізімінде тұр, оны басқалармен қатар аппарат басшысы да пайдаланады. Қазіргі уақытта бұл жүргізуші уақытша жұмыстан шеттетілді. Төтенше жағдай режимі кезеңінде 10.01.2022 мен 19.01.2022 аралығында қалалық әкімдік қызметкерлері үшін бекітілген кезекшілік кестесіне сәйкес, 15 қаңтарда автокөлікті әкім аппаратының басшысы В.В. Клочконы тасымалдау үшін пайдаланған», – деді Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов.

«Апат кезінде Вера Клочко қызметтік көлікте болды ма» деген сұраққа Ахметов жоқ деп жауап берді. Және ол қолданыстағы заңнамаға сәйкес ішкі істер органдарының тиісті бөлімшелері тексеру жүргізетінін айтты.

Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі сотқа дейінгі тергеу мәліметтері ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жария етілмейтінін хабарлады.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.