Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараздағы ерекше режимдегі мекеме қызметкерлерінің ата-аналары құрметке бөленді

0 245

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық –атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/7 мекемесінде Қазақстан Республикасында орын алған төтенше жағдай кезінде Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің қалыпты жағдайын қамтамасыз етуде белсенділік танытып, қызметтік міндеттерін мінсіз атқарған мекеме қызметкері әділет капитаны Қуандық Байболат Ерболатұлының ата-анасы Қуандық Ерболат Абдрахманұлын батыл азамат тәрбиелеп, өсіргені үшін Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы әділет полковнигі Н.Қ.Рыспаевтың алғыс хатымен марапатталды. Күшейтілген режимде жұмыс істеу оңай емес. Дегенмен, өз кезегінде марапатталған қызметкерлер әрқашан отан үшін, халықтың амандығы үшін қоғамдық қауіпсіздіктің сақталуы жолында қызмет етуге дайын екендіктерін жеткізді.
Мемлекетіміздегі қиын жағдайда көрсетілген батылдық пен батырлық біздің жадымызда мәңгі қалады және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің болашақ ұрпақтарына үлгі болады.

ЖД-158/7 мекемесінің БАҚ-қа жауапты қызметкері

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.