Қалалық қоғамдық-саяси газет

ҰҚШҰ бітімгерлерінің соңғы легі Қазақстаннан кетті

0 518

РФ әскери-көлік авиациясының соңғы төрт ұшағы Қазақстаннан Ресейге ұшып кетті,. Ішінде ҰҚШҰ күштері мен бітімгерлер жетекшісі бар, деп хабарлады РИА Новости Ресей Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

«Бортта бітімгерлері бар Ресейдің әскери-көлік авиациясының төрт ұшағы Қазақстанның Нұр-сұлтан және Алматы әуежайларынан ұшып шықты», – делінген хабарламада.

Осы төрт ұшақпен генерал-полковник Андрей Сердюков бастаған бітімгерлердің соңғы бөлімшелері мен бітімгершілік контингентінің қолбасшылығы үйлеріне оралған.

Бұған дейін Ресейдің әскери-көлік авиациясының ұшақтарымен Армения, Беларусь, Тәжікстанның бітімгершілік контингенттері үйлеріне қайтқан.

Қырғызстаннан келген бітімгерлер штаттық техника мен қару-жарақпен колонна құрамында шеру жасап, үйлеріне оралды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.