Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақтөбелік әскери қызметкер антына адалдықты сақтады: Әлеуметтік желіде таралған митинг видеосын көпшілік талқылауда

0 93

Әлеуметтік желіде Ақтөбедегі митинг белсенділері Ұлттық ұланның әскери қызметкерін өз жағына тартуға тырысқаны көрінетін видео таралды. Алайда гвардия сарбазы антына адал болған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Қазинформ сайтына сілтеме жасап.

Митинг 5 қаңтарда Ақтөбе облысы әкімдігінің алаңында өтті. Видеода Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» ӨңҚ 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, Алматы облысы Қапшағай қаласының тумасы, лейтенант Ұлан Мырзабай бейнеленгені анықталды. Жас офицер 2017 жылдан бастап Ұлттық гвардия әскерлерінде қызмет етеді.

«Бұл күні Ақтөбе бөлімінің жеке құрамы қаланың орталық алаңда орналасқан әкімдігін қоршады. Лейтенант Ұлан Мырзабай өз әріптестерімен қоршаудың алдыңғы қатарында тұрған. Белсенділер оған жақындап, өз жағына өтуді сұрады. Алайда Ұлттық ұлан сарбазы әскери антына адал болып, өз командирлерінің бұйрығын соңына дейін орындап, заң бұзушылар жағына шықпады», – деді Ұлттық гвардияның «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметінің жетекшісі, подполковник Ерболат Сұлтанов.

Құқықтық тәртіпті қорғауға қатысқан сарбаз болған оқиғалар туралы айтты. Оның айтуынша, митингшілер қолында арматура, тастар, газ баллондары болған.

Бастапқыда біз митингшілерді қорғап, күзетіп тұрдық. Олар өз көзқарастарын, пікірлерін бөлісіп, көңілі толмайтын нәрселерді айтуға мүмкіндік бердік. Содан соң кейбір адамдар, олардың не ішкендерін білмеймін, олар өздерін біртүрлі үстады. Көбінің қолында тастар, таяқтар, темірлер болды. Осы уақытта мен әскери тәртіптің алдыңғы қатарында болдым. Кенеттен митингшілерден бірнеше митингші қасыма келіп, камераға түсіре бастады. Мені барынша өз жақтарына тартуға тырысты. Арандатушылық әрекеттерге қарамастан, мен бұйрықты орындадым.

Өйткені, әрқайсымыз қан мен өмірімізді аямай, Отанымызды батылдық пен абыроймен қорғауға ант бердік. Еліміз біздің азаматтарымыздың қоғамдық қауіпсіздігін қорғауды сеніп тапсырды, менің ойымша, осы сенімге лайық болу керек. Мен өз Отаныма адал қызмет етемін, ант бердім және берілген бұйрықты орындауым керек», – деп атап өтті Ұлан Мырзабай

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.