Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда бренд киімдер дүкенін тонағандар ұсталды

0 204

Алматы қаласы Алмалы ауданында киім-кешек пен аяқкиім сататын дүкенді тонап кеткен үш ер адам ұсталды. Бұл туралы Алматы Полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Абдрахманов Instagram парақшасында мәлімдеді, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның түрлі облыстарының 39, 37 және 33 жастағы үш тұрғыны жаппай тәртіпсіздікті пайдаланып, Гагарин көшесінде орналасқан киім-кешек дүкенін тонаған.

Қылмыс болған сәтті куәгерлердің бірі видеоға түсіріп алған. Кадрда қарақшылардың бірі ұрланған заттарды көліктің жүксалғышына салып жатқанын көруге болады.

«Олар ұрланған киімдерді мөлшері мен маусымына қарай сұрыптап қойған. Олардың басқа да қылмыстарға қатысқаны анықталды, ол үшін де жаза қолданылады», – деді Алматы ПД бастығының орынбасары.

Алмалы аудандық ПБ тергеушілері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.