Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шекарадан Өзбекстанға өтпек болған жаралы ер адам ұсталды – ҰҚК

0 223

Мемлекеттік шекараны қорғау күшейтілген тәртіпте ұйымдастырылған. Терроризмге қарсы операция режимінде Шекара қызметінің әскери қызметшілері басқа да күштік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, рейдтік іс-шаралар өткізуде, стратегиялық және басқа да әкімшілік нысандарды күзетіп жатыр, – деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі. 

Қызмет барысында жаппай тәртіпсіздіктер мен тонауға қатыстылығын айқындайтын белгілері бар және заң алдындағы жауапкершіліктен, оның ішінде Қазақстаннан тыс жерлерге шығу арқылы жасырынбақ ниеттегі адамдар ұсталуда.

Мәселен, «Жібек жолы» өткізу пунктінде (Түркістан облысы) Өзбекстан Республикасына өтуге әрекеттенген 1993 жылы туған ӨР-ның азаматы ұсталды.

Ұсталған азаматтың ұялы телефонынан Шымкент қаласындағы тәртіпсіздіктер орнында түсірілген видеоматериалдар табылды және арқасына тиген оқ болып шықты (мүмкін резеңке оқтың ізі).

Ұсталған азамат Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне берілді.

aikyn.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.