Қалалық қоғамдық-саяси газет

41 мәйіт ұрланған. Алматы полициясының басшысы мәйітханаға жасалған шабуылдар туралы айтты

0 344

Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов қаладағы мәйітханалардан 41 мәйіт ұрланғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Шабуылдарды кәсіби дайындықтан өткен, қару-жарақ пен ұрыс әдістерін жетік меңгерген адамдар жасаған. Олар қаза болғандар мен жараланғандарды қалдырмай, өздерімен бірге алып кетті. Сол күндері мәйітханаға 7 шабуыл жасалып, соның барысында белгісіз біреулер қаза болған 41 адамның денесін ұрлап кеткен», – деді Таймерденов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Еске салайық, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы қымбаттауына байланысты митингіге шыққанболатын. 3 қаңтарда бірден бірнеше облыста митингілер басталды. Наразылық шарасына мұнай өндіруші кәсіпорындардың жұмысшылары да қосылды. 4 қаңтарда өзге де қалаларда бірден жаппай тәртіпсіздік басталды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.