Ломбардтан ұрланған ұялы телефондар Қалқаманда тәркіленді, – деп хабарлайды ”Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Наурызбай аудандық Полиция басқармасының мәліметінше, 17 жастағы жасөспірім Райымбек даңғылының бойында орналасқан ломбардтардың бірін тонады деген күдікке ілінген.
Жәбірленуші тонау салдарынан келтірілген материалдық шығынды 2 миллион теңгеге бағалаған.
Ұрланған мобильді құрылғылар мен гаджеттерді полиция қызметкерлері күдіктінің жалға алған тұрғын үйінен тапты.
Заттай айғақтар тәркіленді. ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті қамауға алынды.