Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шымкент қаласындағы төтенше жағдайдың күшін жою туралы

0 199

«Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

 

1. «Шымкент қаласында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 734 Жарлығымен енгізілген Шымкент қаласының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 14 қаңтардағы 18 сағат 00 минуттан бастап жойылсын.

 

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

              Президенті                                         Қ.Тоқаев

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 14 қаңтар

№  769

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.