Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда қолды болған қару-жарақты ел ерікті түрде өткізуде

0 446

Күні кеше Жамбыл облысының тәртіп сақшылары бүлік кезінде қолды болған қару-жарақтар туралы тұрғындар ақпарат білсе, «102» нөміріне хабарласуға шақырған болатын,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ оқ-дәріні ерікті түрде полиция бөліміне  тапсырса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтыны айтылған. Міне осы үндеу өңірде өз жемісін бере бастады.

Таразда қолды болған қару-жарақты ел ерікті түрде өткізуде  

Соңғы тәулікте полиция бөлімдеріне Тараз қаласы мен барлық аудандардан қоңырау түсіп, бас-аяғы 40 бірлік қару-жарақ тәркіленген. Мәселен 13 қаңтар күні жергілікті тұрғын тәртіп сақшыларына хабарласып, қару-жарақ тауып алғаны туралы айтқан. Оқиға орнына барған полицейлер 3 Калашников автоматы мен гранамомет анықтаған. Аталған қарулар қазір сараптамадан өтуде.

Облыстық Полиция департаменті осындай жағдайлар туралы хабарлаған халыққа анонимдік кепілдік береді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.