Қалалық қоғамдық-саяси газет

110 жастағы павлодарлық әже жаңа жеке куәлік алды

0 195

Күлжамиля Ахмедьянова 1912 жылы 1 қаңтарда Ертіс ауданы Голубовка ауылында дүниеге келген, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК облыстық филиалы хабарлаған.

Бүгін Азаматтарға арналған үкімет қызметкерлері әжейді құттықтап, жаңа жеке куәлігін табыс етті.

– ҰОС ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар (1,2,3-топ мүгедектері), мүгедектігі бар балалар ХҚКО-ға бармай-ақ, мемлекеттік қызметтерді үйде ала алатынын еске саламыз. Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерін шақыру үшін азаматтар 1414-ке өтініш қалдыруы қажет, содан кейін оларға 7 жұмыс күні ішінде ХҚКО мамандары үйлеріне барып қызмет көрсететін болады, – дейді  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ПОФ баспасөз хатшысы Мейрамгүл Әбдірахманова.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.