Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жаслан Мәдиев цифрлық даму бірінші вице-министрі болды

0 289

Жаслан Мәдиев цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды», – делінген хабарламада.

  • Ж.Мәдиев 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Колумбия университетін, Массачусетс технологиялық институтын тәмамдаған.
  • Еңбек жолын 2004 жылы «Альянс Банк» АҚ Халықаралық қатынастар департаментінің халықаралық қаржы институттары жұмыс басқармасының маманы болып бастаған.
  • 2007-2008 жылдары – «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ корпоративтік қаржыландыру департаментінің бас менеджері.
  • 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің стратегиялық талдау және зерттеулер орталығында, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-да жұмыс істеді.
  • 2009-2010 жылдары – KAZYNA CAPITAL MANAGEMENT АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
  • 2010-2014 жылдары – «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарушы директоры-мүшесі, басқарма төрағасының орынбасары.
  • 2014-2015 жылдары ҚР Ұлттық банк құрылымында басшылық лауазымдарды атқарды.
  • 2017-2018 жылдары – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ вице-президентінің міндетін атқарушы, қаржы жөніндегі вице-президенті.
  • 2018 жылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ қаржы жөніндегі басқарма төрағасы болып тағайындалды.
  • 2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі.
  • 2020 жылы қазаннан бастап қазірге дейін Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.