Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қызылордада аңшылық дүкенді тонағандар ұсталды

0 160

Қызылордалық полиция қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік кезінде аңшылық дүкенді тонаған облыстың екі тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, 6 қаңтарда таңғы сағат 5 шамасында белгісіз біреулер қаладағы аңшылық дүкеннің терезелерін сындырып, одан киім, бинокль, пышақ ұрлап кеткен.

Жедел шаралар нәтижесінде Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері дүкен тонаған екі адамды ұстады.

«Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Қазір бұл дерекке қатысты ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы («Тұрғын үйге, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кіру арқылы жасалған ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

«Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу жүргізіледі», – деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.