Жамбылдық полицейлер ұрланған қаруды ерікті түрде өткізуге шақыруда. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті таратқан арнайы хабарламада айтылды, – деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі.
“Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары!
Егер сіз ұрланған қару, оқ-дәрілер және арнайы құралдар туралы ақпарат білсеңіз, “102” тетігіне қоңырау шалуды немесе кез келген полиция бөліміне әкелуді сұраймыз.
Қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орны туралы хабарлаған немесе оны ерікті түрде полицияға тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Анонимділікке кепілдік беріледі” –делінген хабарламада.