Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кейінгі тәулікте коронавирустан қанша адам қайтыс болды?

0 167

Қазақстанда коронавирустан бір тәулікте 3 адам қайтыс болып, 62 науқастың жағдайы өте ауыр, – деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайтыс болғандардың үшеуінде де ПТР талдауы оң нәтиже болған.

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 11 қаңтарда дәрігерлер COVID-19 белгілері және ПТР-сынамасы (КВИ-) теріс пневмонияның 61 жағдайын тіркеді.

13 қаңтардағы жағдай бойынша 35 710 адам (33 936 КВИ+ және 1 774 КВИ-) коронавирустан емделіп жатыр, оның ішінде 3 888 науқас стационарда, 31 822 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

206 науқастың жағдайы ауыр,
62 науқастың жағдайы өте ауыр,
38 науқас жасанды тыныс беру аппаратында жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.