Қалалық қоғамдық-саяси газет

Төтенше жағдайға қарамастан халықтың тұрмысын арттыратын жобалар дер кезінде орындалу керек

0 227

Жамбыл облысында төтенше жағдайға байланысты аймақтағы ХҚКО, банктер, базарлар таңғы 09:00-ден кешкі 17:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Ал, дүкендер таңғы 08:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте айтылды.

Жиында ҚР Үкіметінің жаңа құрамының алғашқы отырысында айтылған мәселелердің орындалуына қатысты жоспарлы-шаралар қаралды.

Аймақ басшысы эпидемиологиялық ахуалдың нашарлап бара жатқанын, ревакцинацияны күшейту керектігін айтып, ол бойынша жұмысы сылбыр басшыларды сынға алды.

 Санитарлық талаптардың сақталуын қатаң қадағалау керек. Мобилді топтардың жұмысын жандандыру қажет. Тойлардың, мерекелікшаралардың өтуін бақылаңыздар. Төтенше жағдай аяқталған соң оқушылар мектептеріне қайта оралады. Сол кезде дерттің өршіп кетпесі үшін, қазірден дайындық жұмыстарын жүргізіп, тексерістер ұйымдастырыңыздар. Дезинфекциялық заттардың, дене қызуын өлшегіш құралдардың  бар-жоғын қараңыздар,-деп облыс әкімі салалық басқарма басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Сондай-ақ, аймақ басшысы қазір халыққа бос уәде емес, нақты жұмыстардың нәтижесі керектігін, ол үшін тиісті орындар өзара бірлесіп әрекет етуі маңызды екенін жеткізді.

Азық-түлік, әсіресе әлеуметтік маңызы тауарлардың, сұйытылған газ, жанар-жағар май, тарифтердің бағасы үздіксіз қадағалауда болу қажеттігі де баса айтылды.

 Мемлекет басшысы жүктеген міндеттердің орындалуы бақылауда болуы тиіс. Бұл орайда облыс әкімдігінен бастап ауылдық округ әкімдеріне дейін жүйелі жұмыс жүргізуі керек. Біз бұған дейін ауыл әкімдерін жылына екі рет жинап, үлкен мәжіліс өткіземіз деп келіскенбіз. Жуық арада сондай мәжілістің бірін ұйымдастырып, бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуын қарап, өткен жыл қорытындысын шығарып, Президент белгілеп берген басымдықтар бойынша атқарылатын жоспарлы шараларды талдау керекпіз,-деді Б.Сапарбаев.

Басқосуда, ауыл шаруылығы, құрылысқа қатысты бірқатар мәселелер де назарға алынды.

Облыс әкімі құрылысы жүріп жатқан 3 мектептегі жұмыстарды жаңа тоқсан басталғанша аяқтауды, көктемгі дала жұмыстарына қазірден дайындық жүргізуді, су қоймаларына керекті ылғал қорын жинақтау бойынша тиісті шараларды бір сәтке де тасада қалдырмау керектігін айрықша атап өтті.

Кеңес қорытындысымен облыс әкімінің орынбасарларына, басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктелді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.