Дариға Назарбаеваның көмекшісі депутат Мәжіліс отырысына неге қатыспағанын айтты, – деп хабарлайды “JambylTaraz” ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
“Депутат денсаулық жағдайына байланысты демалыста екенін растаймын, өйткені ПТР-сараптамасы оң нәтиже көрсетті. Ол Қазақстанда”, – деді Жанна Ермекова.
Дариға Назарбаева 5 қаңтарда өткен Мәжіліс отырысына да қатыспаған.
Бұған дейін Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек коронавирус жұқтырғаны хабарланған болатын.