Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қызылорда облысында 100-ден аса адам оқ-дәрі, есірткімен ұсталды

0 238

Қызылорда облысында күзетшілер 100-ден аса адамды оқ-дәрі, есірткімен ұстады, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан қылмыскерлерді анықтау, ұстау бойынша барлау-іздестіру іс-шаралары Қазақстанның барлық қаласында жалғасып жатыр.

«ҚР Ұлттық ұланы арнайы мақсаттағы бөлімшесі Қызылорда облысында Полиция департаменті және ҰҚК қызметкерлерімен бірігіп, лаңкестікке қарсы операция жүргізу барысында жаппай тәртіпсіздікке  қатысқан 100-ден аса адамды ұстады. Нәтижесінде, 1 қару, оқ-дәрілер, сондай-ақ, есірткі тәркіленді», – делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері ұсталғандарға қатысты мән-жайды одан ары тергеу үшін жұмыс істеп жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.