Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ұлттық компаниялардың сатып алулары тәртібін қайта қарастыру керек – Мемлекет басшысы

0 425

«Самұрық-Қазына» қоры мен басқа да ұлттық компаниялардың сатып алулары тәртібін қайта қарастыру керек. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті,  деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Президенттің айтуынша, «Самұрық-Қазына» қорының сатып алуларының ашықтығына қатысты мәселелер бар. Осы орайда шағымдар жиі түсіп жатыр. Сондықтан бұл мәселелерге қатысты шешім жасалуы керек.

Бұл тұрғыда «Самұрық-Қазына» қоры мен басқа да ұлттық компаниялардың сатып алулары тәртібін қайта қарастыру міндеті алда тұр.

«Өткен жылы реттелетін сатып алулар туралы заң шықты. Алайда мәселелердің көбісі бұрынғысынша заңға тәуелді актілер мен қордың шешімі деңгейінде шешіліп келеді. «Самұрық-Қазына» ережелері мен рәсімдерін Қаржы министрлігі мен Бәсекелестікті қорғау және даму агенттігімен келісуді қамтамасыз ету керек»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент «Самұрық-Қазына» қоры мен ондағы шетелдік мамандарды сынады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.