Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Нан өндіретін комбинаттар мен ірі сауда желілерінің жұмысы жанданды

0 774

Алматы қаласы аумағында 3 ірі нан зауыты – “Ақсайнан”, “Алматынан” және “Рузинанан” нан-тоқаш комбинаттарының жұмысы жанданды, – деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

“Бұл кәсіпорындар күніне шамамен 80 тонна нан шығарады. Өнім бағасы бұрынғыдай қалатыны белгілі болды. Ақсайнан – 80 теңге/бөлке, Алматынан – 85 теңге/бөлке. Қала халқын маңызды өнімдермен қамтамасыз ету жолға қойылып жатыр”, – делінген штаб хабарламасында.

Бүгін қалада барлық ірі сауда желісінің (Магнум, Смолл, Тоймарт, Метро, Юбилейный, Столичный, Маймарт, Галмарт, JLC және Асыл Ет), сондай-ақ, “У дома” дүкендерінің жұмысы қайта жанданды.

Сондай-ақ, Алматы қаласы мен өзге де өңірлердегі өндірушілердің азық-түлік жеткізу арналары қалпына келтірілді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.