Бүгін 11 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліске қатысады, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Эфир “Хабар-24” телеарнасынан көрсетіледі.
Бұған дейін ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс сессиясында 11 қаңтарда Парламентке Үкіметтің жаңа құрамы жөнінде ұсыныс енгізетінін және әлеуметтік-экономикалық саладағы проблемаларды шешу жөнінде нақты міндеттер қоятынын атап өткен болатын.
Сондай-ақ, кадрлық өзгерістер туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли айтқан болатын.
“Президент Үкіметті отставкаға жіберді. Қазір барлық минист міндетін атқарушы… Президент өзі шешеді: кімді қалып, кім қызметінен кететінін. Үкімет қайтадан құрылады. Әрине, кадрлық өзгерістер болатыны сөзсіз”, – деді ол “Хабар 24” телеарнасының эфирінде.
5 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті отставкаға жіберу туралы Жарлыққа қол қойды. Премьер-министрдің міндетін атқару уақытша Әлихан Смайыловқа жүктелді.