Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дәл қазір тәртіп сақтаған абзал

0 168

Қасымхан ТӨЛЕНДИЕВ,

«Жаңару» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының директоры

Орын алған төтенше жағдай ешкімге оңай соқпағаны анық. Қайдан оңай соқсын, салған жерден көліктер жанып, ғимараттарды өрт шалып, ел үрейленіп жатса. Осы жағдайды істегендер нені ойлады? Оларға не пайда келді? Ойланып істеді ме? Ал мемлекетке залалдан басқа нәрсе келген жоқ. Сонда да жағдайды алдымен Мемлекет басшысы ұғынып, ереуілшілердің талабын реттеп, түсіністік танытты. Басқасын айтпағанда бүлінген нәрсені қалпына келтірудің өзі енді оңайға соқпайды.
Ал ашуға булыққандар істің артын неге ойламады?
Бейбіт шеруге шығуға болады. Талап-тілекті еркін айтуға болады. Оның барлығына заң аясында рұқсат берілген. Бірақ бүтінді бүлдіріп, жаңаны қиратып, лаң салғанда шығыннан басқа не жақсылық келеді? Осы жағын ойламайтынымыз қалай? «Ашу – апат» дейді. Апаттың аяғы өкінішке ұрындырады. Қазақтың «Сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа» дейтіні де сондықтан болар.
Еліміздің әр азаматына ең қажеті – тәртіп. Батыр Бауыржан Момышұлы: «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деді. Орынды сөз. Тәртіп жоқ, ретсіздік жайлаған жерде не болатынын міне осы төтенше жағдайлар көрсетіп отыр. Осындай жағдай орын алғанына, азаматтардың содырлық әрекетке барып, бүлік жасағанына ешкім қуанып отырған жоқ. Ол әрекетті ешкім құптап та отырған жоқ. Тәртіпсіздік жасағандар ұсталып, өзінің жазасын тартады да. Сонда не шықты? Оны таразылап жатқан кім бар?
Мен облыстық, аудандық деңгейде ұзақ жыл басшылық қызметтерде болдым. Бірінші басшы ретінде талай қиындықпен, тосын жағдайлармен бетпе-бет келдім. Шешімін тауып та жүрдік. Ал мынау болып өткен жағдай солардың барлығына да ауыр. Бұл да өтеді. Қираған нәрсе жөніне келеді. Бірақ, бұл төтенше жағдайдан жастарымыз, әрбір отбасы сабақ алғаны дұрыс. Отанды ойрандауға емес, Отанға құрмет жасауға, Отанның даңқын шығаруға асығатын жастар көбейгені жөн. Мен аталған жағдайдан кейін қазақ жастарына, өңіріміздің жас азаматтарына осындай ұран тас-тағым келеді.
Қашанда ел аман, жұрт тыныш болғай.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.