Қалалық қоғамдық-саяси газет

Президент мұнай өнімдерінің бағасын реттеу бойынша тапсырма берді

0 123

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңесте әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақтандыру үшін бірқатар тапсырма берді.

Президент келесі тапсырмаларды жүктеді:

1. Мұнай өнімдерінің (бензин, дизель, сұйытылған газ) бағасына мемлекеттік реттеуді 180 күнге енгізу;

2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бойынша мемлекеттік реттеуді енгізу. Шешімді нақты аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға қарай өңірлердің әкімдері қабылдайды;

3. «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» Заңды әзірлеуге кірісу;

4. Халық үшін 180 күнге коммуналдық тарифтерді көтеруге мораторий енгізу қажеттігін қарастыру;

5. Халықтың әлеуметтік жағдайы нашар топтары үшін нарықтағы баспананы жалға алу құнын субсидиялау мәселесін қарастыру;

7. Денсаулық сақтау және балалар мәселелерін шешу үшін «Қазақстан халқына» деп аталатын қоғамдық қор құру, оны мемлекеттік және жеке көздер арқылы қаржыландыру.

Кеңес барысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов, Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов баяндама жасады.

Egemen.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.