Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Демонстранттар жауапкершілік таныту керек»: Тоқаев Ақтаудағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

0 303

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтауда Үкіметтік комиссия жұмысқа кіріскенін айтты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

“Құқық қорғау органдарына қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол бермеу жөнінде тапсырма берілді. Демонстранттар жауапкершілік танытып, диалогқа дайын болуға тиіс.

Құрамында Президент Әкімшілігінің қызметкерлері бар үкіметтік комиссия Ақтауда жұмысқа кірісті. Республикалық оперативтік штаб тұрақты негізде жұмыс істеп жатыр. Комиссияға еліміздегі тұрақтылықты сақтай отырып, туындаған мәселе бойынша өзара тиімді шешім шығару жүктелді”, – деп жазды президент Твиттердегі парақшасында.

Бұған дейін хабарланғандай, 2 қаңтарда Жаңаөзен тұрғындары сұйытылған газ бағасын төмендету туралы талаппен көшеге шықты. Кейін акция Ақтау көшелерінде де жүріп өтті.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жағдайға үн қатып, Үкіметке Жаңаөзендегі ахуалды құқықтық саладағы экономикалық орындылықты ескере отырып, шұғыл түрде қарауды тапсырды. Үкімет газ құнын 85 – 90 теңгеге дейін төмендететінін мәлімдеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.