Қалалық қоғамдық-саяси газет

Отшашу кезінде полиция қызметкері қайтыс болды

0 401

Ресейдің Рязань облысының Захаровский ауданында отшашу кезінде Мәскеудің Шығыс әкімшілік округі бойынша ішкі істер басқармасының Экономикалық қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкері қайтыс болды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Анықталғандай, ол жаңа жыл түнінде жанұясымен бірге далаға шығып, фейерверк атқан. Отшашу жағу кезінде жарылыс болып, соның салдарынан полиция қызметкері бас сүйегінен жарақат алып, оқиға орнында қайтыс болды.

Қайтыс болған ер адам ішкі істер органдарында 2003 жылдан бері жұмыс істеген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.