Қалалық қоғамдық-саяси газет

Петропавлда ЖЭС-те болған апаттан жарақат алған жұмысшы көз жұмды

0 212

Петропавл жылу электр орталығында болған апатта зардап шеккен жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Еске салсақ, бұған дейін 24 желтоқсанда Петропавл жылу электр орталығындағы қазандықтардың бірін іске қосу кезінде су жіберетін құбыр жарылды. Салдыран мердігер компанияның жұмыскері ауыр жарақат алып,жансақтау бөліміне түскен болатын.

Денесінің 40% күйік шалған жұмысшы 10 күнге жуық ауруханада жатты. 27 жастағы жігіттің өміріне ресейлік дәрігерлер де араша бола алмады. Бүгін кәсіпорынның баспасөз қызметі ер азаматтың қайтыс болғандығын жеткізді.

Жұмыс орнында қаза тапқан Дамир Садықовтың өліміне қатысты арнайы комиссия құрылып, тексеріс жұмыстары жүргізілуде.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.