Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақтау әуежайына әскери типтегі көліктер мен автобустар жөнелтілуде

0 274

Наразылық шаралары салдарынан Ақтау әуежайына көптеген автобус пен әскери үлгідегі жүк көлігі тартылды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі kznews.kz сайтына сілтеме жасап.

«АВТОБУСТАР ӘУЕЖАЙҒА БАРА ЖАТЫР. БІР ЖЕРДЕН КӨМЕК КЕЛЕДІ, АЛМАТЫДАН ШЫҒАР. ҚАЗІР АЛМАТЫДАН ҰШАҚ КЕЛУІ КЕРЕК. ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ӘСКЕРЛЕРІНІҢ КӨЛІКТЕРІ ДЕ ТҰР. БҰЛ ӘУЕЖАЙ», — ДЕЙДІ АВТОР ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ ТАРАҒАН ВИДЕОДА.

Кадрларда әскери үлгідегі жүк көліктерінен бөлек қалалық ұзын автобустар да, полиция автобустары да көрініп тұр. Кейбір көліктердің рулінде камуфляж киген адамдар көрінеді. Одан бөлек камуфляж киген адамдар автобустардың арасында жүр. Видеодан байқасаңыз, автобустар мен жүк көліктерінде жолаушылар жоқ.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.