Қалалық қоғамдық-саяси газет

2022 жылы айыппұл мөлшері қалай өзгереді

0 298

2022 жылы елдегі айлық есептік көрсеткіш 3 063 теңгеге көтерілді. Осыған байланысты әлеуметтік көмек және қызмет көрсету бағасымен қатар айыппұл мөлшері де артады,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Әкімшілік және жол жүру ережесін бұзғаны үшін де салынатын айыппұл былай өзгереді:

  • Экологиялық нормаға жауап бермейтін көлікті басқарғаны үшін – 2 АЕК, (2021 жылы 5 834 жылы, 2022 жылы 6 126 теңге);
  • Қоғамдық көлікте және адам көп жиналатын орында маска тақпағаны үшін салынатын айыппұл – 30 АЕК, (2021 жылы 87 510, 2022 жылы 91 890 теңге);
  • Көлік жүргізу кезінде ұялы телефон қолданғаны үшін салынатын айыппұл – 5 АЕК, (2021 жылы 14 585 теңге, 2022 жылы 15 315 теңге);
  • Жаяу жүргіншіні өткізбегені үшін салынатын айыппұл – 10 АЕК, (2021 жылы 29 170 теңге, 2022 жылы 30 630 теңге);
  • Жол жүру ережесін бұзған жаяу жүргіншіге салынатын айыппұл – 2 АЕК, (2021 жылы 5 834 теңге, 2022 жылы 6 126 теңге);
  • 10-нан 20 шақырым сағатына жылдамдыққа асырғаны салынатын айыппұл – 5 АЕК, (2021 жылы 14 585 теңге, 2022 жылы 15 315 теңге);
  • 20-дан 40 шақырым сағатына жылдамдыққа асырғаны үшін салынатын айыппұл – 10 АЕК, (2021 жылы 29 170 теңге, 2022 жылы 30 630 теңге);
  • 40 шақырым сағатына жылдамдықтан асса – 20 АЕК, (2021 жылы 58 340, 2022 жылы 61 260 теңге);
  • Себепсіз жол ортасына тоқтап, кептеліс тудырғаны үшін салынатын айыппұл – 10 АЕК, (2021 жылы 29 170 теңге, 2022 жылы 30 630 теңге);
  • Қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін салынатын айыпұл – 5 АЕК, (2021 жылы 14 585 теңге, 2022 жылы 15 315 теңге);
  • Бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп кетені үшін салынатын айыппұл – 10 АЕК, (2021 жылы 29 170 теңге, 2022 жылы 30 630 теңге);
  • Тыйым салынған жермен жүргені үшін салынатын айыппұл мөлшері – 5 АЕК, (2021 жылы 14 585 теңге, 2022 жылы 15 315 теңге);
  • Тыйым салынған жерде тоқтағаны үшін – 10 АЕК, (2021 жылы 29 170 теңге, 2022 жылы 30 630 теңге);
  • Жол-көлік оқиғасы орынынан кетіп қалған жүргізушіге салынатын айыппұл – 1 000 АЕК, (2021 жылы 2 917 000 теңге, 2022 жылы 3 063 000 теңге);
  • Жедел жәрдем қызметіне, полицияға, өрт сөндіру қызметіне, апаттық құтқару қызметіне жалған қоңырау шалу үшін салынатын айыппұл – 30 АЕК, (2021 жылы 87 510 теңге, 2022 жылы 91 890 теңге).
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.