Қалалық қоғамдық-саяси газет

Үш апта бұрын босанған Сая Оразғалиеваның дене бітіміне таңырқаған жұрт оны «мыстанға» теңеді

0 424

«Мыстансың!» Желтоқсан айының басында босанған актриса Сая Оразғалиева оқырмандарынан дәл осындай хат алған. Оған себеп – әншінің мінсіз сырт келбеті. Актрисаның дене бітіміне қарап жұрт оның жақында босанғанына сенер емес. Тіпті, Саяны суррогат ананың қызметіне жүгінді деп ойлағандар бар екен. Оразғалиева көптің көңілін күпті еткен сауалға жауап берді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Кешегі корпоративтен жариялаған суретімнен кейін ондаған хат келді. Бәрі мені мыстанға теңеп (қалжың шығар деп үміттенемін», тіпті суррогат ананың қызметіне жүгінді деп болжады. Небәрі 3 апта өтті, ішің неге жоқ, деді», – дейді Оразғалиева.

Актриса елдің тарапынан айтылған бұл сөздерге қуанғанын жеткізді. Алайда ол табиғи жолмен босанғанын, одан қалса диетаға отырмағанын айтты.

«Қазір одан сайын ашуларыңызға тиемін. Ешқандай диета ұстамаймын, беш жеп, артынан сорпа ішіп, сүтім майлы болсын деп бауырсақ жеймін. Тәттіден тіпті, спортпен айналысқан кезде бас тарта алмағанмын. Спортқа келсек, қарапайым жаттығудың өзін жасап жүрген жоқпын. Жаңа жылдан кейін стретчингтен бастасам деп жоспарлап жүрмін. Ішімді тартқан емеспін. Оныншы күні өзі толықтай тартылып кетті», – деді актриса.

Сая жүктілік кезінде 9 келі салмақ қосқанын, табиғи жолмен босанғанын атап өтті. Айтуынша, жүктіліктің жеңіл өтуіне позитивті ойлар себеп болған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.