Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл және Арыс қаласындағы оқ-дәрі қоймалары өзге аймақтарға көшіріледі

0 209

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлім аумағында сақталған оқ-дәрілердің бір бөлігі Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласына жеткізілуі мүмкін, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқов мәлімдеді. Оның айтуынша,  жаңа қоймалар бойынша үкімет тарапынан кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Арыс қаласы маңындағы оқ дәрі қоймаларының бір бөлігі де басқа жерге көшіріледі.

“Оған арнайы дайындалған орындар бар. Қазір сізге толық жауап бермеймін. Әртүрлі қоймаларға жеткізіледі. Мысалы, Аягөз немесе басқа. Бірнеше қойма бар. Нақты қанша, қайда екеніне жауап бермеймін”, – дейді ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқов.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.