Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мәжілістен кеткен Бекболат Тілеуханның басы дауға қалды

0 224

Vesti.kg порталының корреспонденті Айнұр Коскина экс-депутат Бекболат Тілеухан өзіне қол көтергенін мәлімдеді, – деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі informburo.kz. сайтына сілтеме жасап.

Журналистің айтуынша, Бекболат Тілеухан телефонға арналған штативті сындырып, мәжіліс кулуарында сұхбат алмақ болған сәтінде  өзін басымен қағып кеткен. Ол шенеуніктің көп әйел алуға қатысты пікірін білмек болған.

«Мен көп әйел алған адаммын. Бұны ешқашан жасырған емеспін. Менің байқауымша, сіз қарсысыз. Бұл менің тағдырым», – деді экс-депутат.

Айнұр Коскина оған Қазақстанда көп әйел алуға ресми түрде тыйым салынғанын ескерткен.

«Егер сен тұрмысқа шықпасаң, оған мен кінәлімін бе?» – деді лифтке кіріп бара жатқан Бекболат Тілеухан.

Экс-депутат өзімен  бірге лифтке кірмек болған журналисті итеріп жіберген.

Журналист осы оқиғадан кейін полиция шақырған. Бұл уақытта Бекболат Тілеухан Парламент ғимаратынан шығып кеткен.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.