Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тарихыңды таны, тәуелсіз елдің ұланы!

0 522

Елбасының саралы даңғыл жолы келешек ұрпаққа үлгі болатыны анық. Жарияланған Жолдаулары мен мақалалары ел келешегі үшін таптырмас идеялар көзі деп айтуға да болады. Соның бірі – «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы.

Мақала аясында білім алушылар тарихи орындарды танып білу мақсатында жоспарланған түрлі экскурсияларға шығуда. Латын қарпіне көшудің тиімділігін ілгерілету жолында тіл мамандарымен кездесу ұйымдастырылып, түрлі жазба жұмыстары жүргізілуде. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптей отырып, білім алушылардың санасын рухани жаңғыртуға бағытталған іс-шаралар үздіксіз жүргізілуде. Күні кеше облыстық «Тарихыңды таны, тәуелсіз ұрпақ!» бейнеролик байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Байқауға ұсынылған жұмыс жан-жақты сараланып, идеясы мен мақсатының дұрыс таңдалғаны ескеріліп, қатысушы Диана Бөпетай жүлделі ІІІ орынмен марапатталып, 50 000 теңге қаржылай сыйлыққа ие болды. Байқауды ұйымдастырушы «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің басшысы Ринат Нұрақбаев мырзаға алғысымызды білдіреміз.

Жанерке АЛМЕНОВА,
№56 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.