Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматы облысында автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты – (Видео)

0 233

Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты кеше сағат 21:40 шамасында Жамбыл ауданында Самсы мен Ақтерек ауылының арасында болды,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Van Hool жолаушылар автобусы мен Mercedes Benz автокөлігі соқтығысып, үш адам қаза тапты. Тағы үш адам жарақат алды.

Жол ережесін сақтамаған жеңіл автокөлікте 6 адам болған. «Алматы–Бішкек» тас жолының 108-шақырымында Mercedes-Benz көлігінің 25 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, жолаушылар автобусымен соқтығысқан.

 

 

Mercedes-Benz көлігінде болған үш адам оқиға орнында қаза тапты. Жарақат алған қалған үш жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Ал автобустағы жолаушылар зардап шекпеген.

Бұған дейін көлігімен адам қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.