Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жаңа жылдан бастап Қарағандыдан екі қалаға жаңа әуе рейсі ашылады

0 426

2022 жылы 5 қаңтардан бастап Қарағанды әуежайынан қатынайтын екі әуе рейсі ашылады,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Жолаушылар Өскемен мен Қызылордаға тікелей ұша алады.

Сонымен, 5 қаңтардан бастап Қарағандыдан Өскеменге ұшақ сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері ұшады. Бір жаққа ұшу билетінің бағасы 22 000 теңгеден басталады. Ұшақ Қарағандыдан Қызылордаға сәрсенбі және жексенбі күндері ұшады. Билет құны 18 000 теңгеден басталады.

Бұған дейін 9000 теңгеден бастап билет алуға болатын ішкі рейстер туралы жазған болатынбыз.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.