Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербургке келді. Ол ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысады,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
«Елбасы Ресей Федерациясы президентінің шақыртуымен Санкт-Петербург қаласына ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін келді» делінген хабарламада.