Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда пойыздың үстінде видео түсірмек болған бозбала көз жұмды

0 143
Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры Қайсар Жұмабайұлы Facebook-тегі парақшасында жазды,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі.
«Құрметті ата-аналар! Бәріміз бала өсіріп отырғандықтан, мына жазбама зер салуларыңызды сұраймын.
Өткен сенбіде және бүгін темір жолда екі бірдей қайғылы жағдай болды. Алдыңғы күні Тараз станциясында 15 жасар жасөспірім вагонда фотоға түсем деп жүргенде ток соғып қаза тапты. Дәл осындай оқиға бүгін Алматы станциясында да қайталанды. Екі бозбала вагонның үстіне шығып видео түсірмек болғанда тоққа түсті.  Арты өлімге әкеп соқтыратын мұндай ауыр жағдайлардан сақтану үшін ата-аналарға арнайы ескерту жасағым келеді», – деп жазды ол.

Бұған дейін Таразда пойыздың төбесіне селфижасау үшін шыққан жасөспірім көз жұмғанын жазған болатынбыз.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.