Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақбота Сейтмағамбет: Өмірімде үлкен өзгерістер болып жатыр

0 290

Ақбота Сейтмағамбет өмірінде болып жатқан өзгерістер туралы айтты. Түркияға демалуға аттанған әнші желіде жазба жариялады,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

“Өмірімде үлкен өзгерістер орын алып жатыр. Аллаға сансыз шүкір, бақыттымын!” – деп жазды Ақбота Сейтмағамбет.

Әнші жақында Стамбұлға аттанды. Қаланың көрікті жерлерін аралаған ол алған әсерімен бөлісті.

“Қанша мемлекетті араласам да, Стамбұлды іштей басқаша елестететінмін. Сәті түсіп осы жолы келдім.Стамбұлға қаланы бес саусақтай білетін адаммен келгеніме қатты қуанамын. Неге білесіз бе? Қала өте үлкен. Бұл бір тарихи мекеннің бәріне барып үлгеру үшін біраз уақыт керек. Міне, Гүлдана біздің әр уақытымызды есептеп қойған. Барлық жеріне үлгердік”, – деп жазды ол.

Бұған дейін Ақбота Сейтмағамбет пен Шерхан Пірназардың махаббат хикаясы ел аузында сөз болды. Әріптесі, актер, тележүргізуші Шерхан Пірназар Ақботаға көңілін білдіріп, сөз салды. Ал әнші оның сақинасын таққанымен, жауабын айтқан жоқ.

Желі қолданушылары мен көрермендер қызу талқыға алды. Бірі мұны хайп десе, енді бірі жарасымды жұп деп мақтады. Бұл жолы да оқырмандар әншінің жазбасын жеке өмірімен байланыстырды.

“Киноға түсесің бе?”, “Жақсы жігіт кездестірдің бе?”, “Жеке өмірге қатысты ма?”, “Бақытты бол, бағың жансын”, – деп жазды олар.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.