Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тамақ өңдеу зауытында жарылыс болды

0 173

Үндістанның шығысындағы Бихар штатындағы тамақ өңдеу зауытында орналасқан бу қазандығы жарылып, алты адам қаза тапты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпара агенттігі Egemen.kz. сайтына сілтеме жасап.

Тағы алты адам жараланған. Жарылыс салдарынан жақын маңдағы ғимараттар зақымдалған. 

Оқиға орнында іздеу-құтқару топтары мен жедел жәрдем бригадалары жұмысын жалғастыруда. Қайтыс болғандар санының артуы ықтимал.

Аймақ басшылығы жарылыстың себебі әлі белгісіз екенін, оқиғаға қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді.

Айта кетейік, Үндістанда қауіпсіздік шараларының жеткіліксіздігінен өрт пен жарылыс жиі болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.