Қалалық қоғамдық-саяси газет

Баспасөз үйіне Шерхан Мұртазаның есімі берілді

0 315

Үкіметтің қаулысымен халық жазушысы, көрнекті қоғам қайраткері  Шерхан Мұртазаның есімі Тараз қаласындағы Баспасөз үйіне берілді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мейрамбек Төлепберген Facebook-тағы парақшасында жазды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

«Үш қабатты ғимаратта облыстық «Ақжол», «Арай», «Знамя труда» газеттері және Өңірлік коммуникация қызметі мекемесі орналасқан. Шерағаның қуатты қаламынан туындаған көркем және публицистикалық шығармалары мен биік азаматтық көзқарастары, рухани бай мұрасы – ұлтымыздың қазынасына айналған. Сондықтан да ұлт перзентін ұлықтап, құрмет көрсету өте орынды», – деп жазды Мейрамбек Төлепберген.

Бұған дейін Жамбыл облысындағы тілшіміз Саятхан Сатылған Шерхан Мұртаза атындағы елтану және руханият орталығы туралы «Көне Тараз»: сұлуынан жылуы…» деп кешенді жылыту мәселесін жазған болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.