Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бердібек Сапарбаев Мәмбет Қойгелдиевті 75 жас мерейтойымен құттықтады

0 300

Жамбыл облысы әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев отандық тарихшы ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, алаштанушы Мәмбет Құлжабайұлы Қойгелдиевті 75 жас мерейтойымен құттықтады. Бұл турал Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Өңір басшысының құттықтауы мен сыйлығын облыс әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек пен Жамбыл облысы Жамбыл Облысы Мәдениет Басқармасына қарасты Ш. Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының директоры Сауран Қалиев ғалымның шаңырағына арнайы барып тапсырды.
Еске сала кетейік, жерлесіміз, алаштанушы ғалым М.Қойгелдиев осы жылдың 18 тамызында 75 жасқа толды. Алайда елімізде пандемияның өршіп тұруына байланысты бұл мерейтойға байланысты іс-шараны өңірімізде өткізуді ғалымның өзі кейінге қалдыруды сұраған.
Игіліктің ерте, кеші жоқ дегендей Әулиеата жұртшылығының атынан өңір басшылары ғалымның отандық тарих ғылымына сіңірген еңбектерін елеп, мерейтойымен құттықтап, ізгі тілектер мен ыстық лебіздерін білдірді.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.