Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Жұмыс жоспар бойынша жүріп жатыр»: Цойдың кетуімен денсаулық сақтау министрлігінде қандай өзгеріс болды?

0 234

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев Алексей Цой кеткеннен кейін ведомствоның жұмысында қандай өзгерістер болғанын айтты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүркітбаев әзірге өзінің тек министр қызметін атқарып жатқанын және бұл орынға әлі ресми отырмағанын айтып өтті.

«Басшыларды тағайындау және босату туралы шешімді елдің жоғарғы билігі қабылдайды. Мен мемлекеттік қызметші ретінде атқарушылық өкімдерді орындаймын, яғни өзіме тиесілі өкілеттіктер шегінде міндеттерді атқарамын. Жұмыс жүйелі түрде жоспар бойынша жүріп жатыр. Жүйелік мәселелер бойынша біз артық толқуларсыз жұмыс істейміз. Денсаулық сақтау министрлігінің басты рөлі азаматтардың денсаулығын сақтау болғандықтан, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу – өзінің, әріптестерінің және халықтың алдында үлкен жауапкершілік», –  деді ол.

Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова Алексей Цойдың министрліктен босатылғаны туралы хабар қызметкерлер үшін күтпеген жағдай болғанын жеткізді.

«Алексей Владимировичпен жұмыс істеу өте ыңғайлы: тапсырмаларды нақты бекітеді, орындауды нақты бақылайды және жалпы адами қасиеттері мол. Бүкіл ұжым бұл жаңалықты өкінішпен қабылдады. Ол бізге ескертпеді, бұл біз үшін үлкен жаңалық болды», – деді Есмағамбетова.

Алексей Цой 2020 жылдың маусымынан бері денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды. Оның қызметтен босатылғаны туралы 20 желтоқсанда белгілі болды. Басқарма Алексей Цойдың қызметтен кетуін басқа жұмыс орнына ауысуымен түсіндірді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.