Қалалық қоғамдық-саяси газет

Өскеменде 7 жасар қыздың өлімінен кейін иттер жаппай атылуда

0 209

Өскеменде қаңғыбас иттерді жаппай атып жатыр, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Хабар 24.телеарнасына сілтеме жасап.

Бірнеше күн бұрын Лесхоз кентінде 7 жасар қыз баланы ит талап, нәтижесінде ол алған жарақат салдарынан көз жұмған еді. Дегенмен, оны ит емес, қасқыр талауы мүмкін деген болжамдар айтылып жатыр. Оқиға болған Лесхоз кенті мен сол маңдағы Степное ауылында қараусыз ит тым көбейіп кеткен дейді мамандар. Биыл Өскемен қаласы бойынша мұндай шараға 17 млн теңге бөлініп, 5 мыңнан аса қаңғыбас ит-мысық жойылған.

«Қаңғыбас иттер күтімсіз жүргендіктен табиғат қорғаушылары мен көптеген адам қарсы шығып жатыр. Сондықтан біздің ит аулайтын бригадалар міндетті түрде учаскелік инспекторлармен бірге жұмыс істейді. Өздері жалғыз жұмыс істемейді», – дейді Шығыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Ертай Батхолдин.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.