Қалалық қоғамдық-саяси газет

Теңіз кен орнының 39 мың қызметкері жұмыссыз қалмақ

0 937

Атырау облысында жұмыссыздардың саны күрт көбеюі мүмкін, деп хабарлайды ”Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі «КТК» арнасына сілтеме жасап.

Теңіз кенішіндегі мердігер компаниялар 39 мың қызметкерді жаппай қысқартпақшы. Ал олардың 50 пайызы атыраулықтар.

«Келешек кеңею» жобасы аяқталысымен, жұмысшылар жаппай қысқартуға ұшырайды. Келер жылдың наурыз айына дейін 8 мың адамды вахталық аймақтан шығару жоспарланған. Оның 2 мыңға жуығы – жергілікті тұрғындар. Ал 2024 жылы жалпы саны 60 мыңнан астам адам босайды. Алайда жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы: «Ешкім жұмыссыз қалмайды» деп отыр. Өйткені келер жылы мұнай-химия саласында инвесторлық жобалар ашылмақшы екен.

«Бұл тек қана болжам. Биыл да 15 мың жоспарланған болатын болса, соның тек екі мыңдайы қысқарды. Қысқарған жағдайда мемлекеттік бағдарламалар бар. Сол арқылы 12 мыңға жуық халықты жүмыспен қамтимыз деген жоспар бар. Мұнай химия кешені саласында инвестициялық жобалар бар. Жасалып, енді жасалайын деп жатқан жобалар бар. Соның аймағында құрылыс кезінде 20 мыңға жуық халықты жұмыспен қамтимыз деген жоспар бар», – дейді Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Әбілқасымов.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.