Қалалық қоғамдық-саяси газет

Нұртөре Жүсіптің «Жолыққан жандар» кітабының тұсаукесері өтті

0 193

Нұр-Сұлтандағы Ұлттық кітапханада публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, сенатор Нұртөре Жүсіптің «Жолыққан жандар» атты кітабының тұсаукесері болды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Нұртөре Жүсіп

Шараға Парламент сенатының депутаты Қуаныш Сұлтанов, мемлекет қайраткері, Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бахтиярұлы, Парламент Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай, сатирик Көпен Әмірбек, публицист Шархан Қазығұл және тағы басқа тұлғалар қатысты.

Нұртөре Жүсіп

Бұл кітапта Тәуелсіздіктің 30 жылында журналистік жолда жолыққан бірқатар тұлғалар туралы сыр шертілген. Сонымен қатар жинаққа қаламгердің ағалары, замандастары, әріптестері  мен сыйлас азаматтар жөнінде жазған толғамдары енген.

Нұртөре Жүсіп

«Жинақтағы кейіпкерлер түгелдей автордың көрген-білген, өмірде араласқан, кейді тіпті дос-жар болған адамдары. Сондықтан автор не жазса да сендіре жазады, бұрын көп ешкім айтпаған, байқамаған оқиғалар мен деректерді ойнатып отырады» дейді кітаптың алғысөзін жазған қоғам және мемлекет қайраткері Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Нұртөре Жүсіп

Кітаптағы ең құнды дүниенің бірі – қазақтың көрнекті жазушысы, Алтайдың кербұғысы Оралхан Бөкей туралы «Асау жүрек аяғын шалыс басқан»  эссесі. Нұртөре Жүсіп Оралхан ағасының ең соңғы сапарында бірнеше күн жанында бірге болады. Сезімтал жүрек, ұшқыр қаламмен жазушының әр сөзі, әрбір іс-әрекетін ыждаһатпен жадына тоқи берген. Даңғаза дақпырттан үнемі бойын аулақ салып, ауаша жүруді ұнататын жазушы ағасына інілік ізетпен қызмет көрсеткен. Онысын риясыз көңілмен  қабылдаған жазушы да қаламдас бауырымен ашыла сырласқан. Қаламгер соның бәрін қаз-қалпында хатқа түсіріп отырған.

Нұртөре жүсіп

Қазақ әдебиетінің классик жазушылары Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаевтан бастап, Социалистік еңбек ері Ыбырай Жақаевтың да бейнесін жинақтан табуға болады.

«Бұл  кітап – Тәуелсіздіктің 30 жылдығына тартуым. Жинақта 30-ға тарта азаматтардың адамдық болмысын ашып көрсетуге бағытталған эсселер топтастырылған. Ел тәуелсіздігі жолында аянбай еңбек еткен тұлғалардың портретін сомдауға жасаған бір талпыныс еді» – дейді публицист, сенатор Нұртөре Жүсіп.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.