Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерейтойына орай Талас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі “Қайырымды істер марафоны” жалпыұлттық жобасы аясында өткен байқауға қатысты,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі.
Сараптау комиссиясының ашық отырысының қорытындысы бойынша Талас ауданының ТЖ бөлімі “Ең мейірімді ұжым” номинациясы бойынша жеңімпаз болып танылды.

Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі