Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сотталғандар арасында спорттық және мәдени іс-шаралар өтті

0 180

Жамбыл облысы бойынша КАЖ департаментiне қарасты ЖД 158/1 мекемесінде 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тауелсiздiгi күнi мерекесіне орай, сотталғандар арасында жоспарға сәйкес спорттық және мәдени іс-шаралар өткізілді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Жамбыл облысы бойынша КАЖД ЖД-158/1 мекемесiнде арнайы контингент арасындагы тәрбие жұмысы жөнiндегi бөлiмшесiнiң қызметкерлерi сотталғандармен ҚР llМ 13.08.2014 жылгы «Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргiзу қағидасын бекіту туралы» № 508-бұйрығына сайкес тәрбие жұмысын жүзеге асырады.

Осы жұмыстардың бiрi сотталғандардың адамгершілік тәрбиесін, моральдык-этикалык түсінікті арттыру. Және сотталғандардың салауатты өмір салттарын арттыру болып табылады. Осылайша, 2021 жылдын желтоқсан айында 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін мекемеде жазаларын өтеп жаткан сотталғандардың арасында мәдени спорттық іс-шаралар өткізілді. Аталған іс-шаралар, 16-желтоксан күні әдеттегідей, сотталғандарды сап көрiнiсiмен, ҚР Әнұран орындауымен, сонымен қатар, мекеме клубында шаруашылық жасағына қалдырылған сотталғандар арасында 1986 жылы 16 желтоқсанындағы Алматы қаласында орын алған оқиғасы жөнiндегi қысқаша тарихи мағлұматтан кейін сотталғандар дайындаған мерекелік концерт өткiзiлдi және сотталғандар өз өнерлерiн патриоттык көрiнiс арқылы көрсетті. Сонымен қатар мәдени iс-шара аяқталған соң спорттық iс-шаралар жалғасын тапты, атап айтқанда үстел теннисі, шахмат ойындарынан жарыс ұйымдастырылды. Қол күрес, турник, брусьядан сотталғандардың арасында жарыстар өткiзiлiп, жеңiмпаздар анықталды.

Аталған іс-шара сотталғандарға оң әсер тигiзгенi анық болды. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мейрамына байланысты спорттық, мәдени iс-шаралар өз денгейiнде өткізілді. Аталған іс-шараларға белсенді қатысқан сотталғандар (Боранбаев А. Айтжанов А. Әубакіров А. Нұрабаева Э. Иманбаев Б; ) мекеме бастығының құқығымен «Алғыс» жарияланып марапатталды.

Жамбыл облысы бойынша

ҚАЖД ЖД 158/1 мекемесі

АКАТЖжӘП Бөлімшесі инспекторы әділет ага лейтенанты

М.Н. Мырқалиева 2021 жыл

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.