Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ел ертеңі–екпеде

0 132

  Індет қаупі сейілмеген қазіргі кезде эпидемиялық ахуалдан өзекті мәселе жоқ деуге болады. Бүгінде коронавирусқа тойтарыс берудің жалғыз жолы вакциналау екенін халықтың басым бөлігі ұғына бастады. Бұл ретте елімізде 2021 жылдың 19 қарашасынан басталған Covid-19-ға қарсы екпе егу науқаны Т.Рысқұлов ауданында қарқынды жалғасуда,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Осы уақытқа дейін ауданға барлығы 750 доза Комирнати вакцинасы жеткізілді. 19 желтоқсанға дейін вакцинаның алғашқы дозасы 565 адамға салынды. Олардың 507 – жасөспірімдер, 25 – жүкті әйелдер, 33 – бала емізетін әйелдер болып табылады.

Екпені ерікті түрде қабылдап жатқандардың қарасы қалың. Бұл ауданда коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны күннен-күнге артып келе жатқанның айғағы.

Сонымен қатар, ауданда жаппай ревакцинациялау сәтті жалғасуда. Отандық QazVak екпесінің ІІІ компоненті салуға қараша айының 25-нен бастап барлығы 846 доза вакциан жеткізілді. Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанға дейін алғашқы екпені осыдан 9 ай бұрын салдырған 789 азамат белсенділік танытып, ІІІ компонентін ерікті түрде салдырды.

Бүгінгі таңда адамдарды вакцинациялау пандемияны жеңуге және карантинсіз қалыпты өмір салтына оралуға мүмкіндік береді. Ол үшін әр адам карантин талаптарын қатаң сақтау қажет.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.