Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ең үздік мақала авторлары марапатталды

0 447

«Antikor» сервистік орталығында бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы жарық көрген «Ең үздік мақала» облыстық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Байқауды Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ұйымдастырды.
Байқау қорытындысы бойынша үздік атанған жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Б.Ниязов, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Н.Жувандикова, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Байқаудың басты мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру формаларының және әдістерінің тиімділігін арттыру, жұртшылық арасында сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзбеушілікті қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға БАҚ өкілдерін тарту болып табылады.
Нәтижесінде байқауға қатысып, үздік мақала авторы атанған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері: Айжан Әуелбекова, Қамар Қарасаева, Михаил Тё, Саятхан Сатылған марапатталды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.