Қалалық қоғамдық-саяси газет

Құмарық ауылдық округінің тұрғындары таза ауыз сумен қамтамасыз етілді

0 201

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Құмарық ауылында ауыз су жүйесінің және су шығару имараты ашылып, ел игілігіне берілді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Өткен жылы басталған елді мекендегі ішкі су жүйелерінің құрылысы толықтай аяқталып, нәтижесінде Құмарық, Қаракемер және Алғабас елдімекендері орталықтандырылған ауыз сумен жабдықталып, аталған ауыл тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтылды.

Аудан әкімі Ерболат Садырқұлов елдімекенді ауыз суды пайдалануға беру рәсіміне қатысып, ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтасып, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады.

Аудан басшысы Ерболат Салқынбекұлы әрбір үйге кіргізілген таза әрі сапалы ауыз суды тұрғындардың игіліктеріне пайдалануына тілектестігін жеткізді.

Одан соң сөз алған ауыл ақсақалдары игі іске атсалысқан азаматтарға ризашылықтарын білдірді.

Бүгінде аудандағы 42 елдімекеннің 26 ауылы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Алдағы мұндай жұмыстар өз жалғасып тауып, аудан халқын 2025 жылға дейін 100% таза ауыз сумен қамтамыз ету жоспарланып отыр.

Мөлдір Тастанбек

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.