Қалалық қоғамдық-саяси газет

Батуттан құлап мерт болған балалардың саны артты

0 683

Аустралиядағы мектептердің бірінде үрлемелі батуттан құлап қайтыс болған балалардың саны алтыға жетті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Тасмания аралында Девонпорт бастауыш мектебінде болды. Жел балалармен бірге үрлемелі батутты жұлып алып, бірнеше метр биіктікке көтерген. Бұған дейін бес баланың өлімі туралы хабарланған болатын.

«Тасманиядағы қайғылы оқиға кезінде жарақат алған алтыншы бала қайтыс болды», – делінген полиция хабарламасында.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.